Мұғалімдер спорттан сынға түсті
Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел спортына ерекше ықыласпен қарайтынын айтпасқа болмайды.Елбасы жыл сайынғы жолдауында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту туралы үздіксіз айтып келеді.
Үстіміздегі жылдың 12-14 қазан күндері Қызылорда облыстық білім басқармасы және облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен шешіміне сәйкес Жаңақорған ауданы «Талды су» лагерінің базасында білім қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада ұйымдастырылды.
Жарысты өткізудің мақсаты: білім қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, білім қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, шеберлігін шыңдау.
Спартакиадаға Қызылорда облысының барлық аудандарынан және Қызылорда қаласынан жалпы саны 260-қа жуық спортшы ұстаздар қатысып жарысты қыздырды. Үш күнге созылған спартакиадада спорттың 9 түрінен: футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тарту, гір көтеру, қол күрестен ұстаздар сынға түсті. Жалпы командалық жүлделі І орынды - Қызылорда қаласы, ІІ орынды- Қазалы ауданы, ІІІ орынды- Жаңақорған ауданының ұстаздары жеңіп алды.
Жалпы командалық есепте:
I орын Қызылорда қаласы 52 ұпай
II орын Қазалы ауданы 51 ұпай
III орын Жаңақорған ауданы 46 ұпай
IV орын Шиелі ауданы 42 ұпай
V орын Қармақшы ауданы 37 ұпай
VI орын Сырдария ауданы 34 ұпай
VII орын Арал ауданы 32 ұпай
VIII орын Жалағаш ауданы 30 ұпай
Жарыс барысында жеке дара шеберлік көрсеткен «Үздік ойыншы», «Үздік комбинация құрушы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік либеро», «Үздік үйлестіруші» номинациялар бойынша ұстаздарға облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы Бурабайдағы «Жұмбақтас» шипажайына жолдамалар және бағалы сыйлықтар табыстады.
Г.Ескалиева
-
Фото
-