Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлерінің арасында интеллектуалдық ойындардан облыстық жарыстар өткізілді
2017 жылдың 14 қазанында Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлерінің арасында интеллектуалдық ойындардан облыстық жарыстар өткізілді.Жарыстарға 17 аумақ , 4 ЖОО, 15 колледж, 7 интернат өкілдері қатысты, барлығы 130 адам.
Жарыстардың бағдарламасы тоғыз құмалақ пен шахматтан жеке біріншілік қарастырды. Командалардың құрамына мектептердің мұғалімдері, қосымша білім педагогтары, ЖОО мен колледждердің оқытушылары, сондай- ақ кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары енді. Бұл аса әсерлі жарыс болды, өйткені әйесқой ойыншылармен қатар тәжірибелі ойыншылар, спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне кандидаттар қатысты.
Турнирға қатысушылардың арасында 16 грамота мен ақшалай сыйлықтар ұтысқа қойылды. Жарыстардың нәтижесі бойынша әртүрлі номинациялардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ бірлескен грамоталары және ақшалай сыйлықтарымен құрметтелді. Ерлер арасында шахматтан бірінші орынды А. Байтұрсынов атындағы КМУ ойыншысы Тулыбаев Фарид, тоғыз құмалақтан Костанай мемлекеттік педагогика институтының ойыншысы Қақашев Арман женіп алды.
Әйелдер арасында шахматтан бірінші орынды Байнакова Наргиз, тоғыз құмалақтан Қостанай педагогика институтының ойыншысы Мұхамбетқалиева Айым қанжығаларына байлады. «Ең жас ойыншы» номинациясы бойынша Сыздыкова Дана, Еркебұлан Данияр, «Спорт ардагері» номинация бойынша Сағымбаев Рахман, Өтемісов Бейсенбай марапатталды.
-
Фото
-