«Үздік жас қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 2017» байқауы
Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ-ның демеушілігімен облыстық оқу қазақ, орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға сабақ беретін ауыл мектептерінің жас қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған кәсіби байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Кәсіби қызметінің нәтижесі арқылы педагогтардың тәжірибесінен үздік маманды анықтау; Облыстық деңгейде өз әріптестерімен сайысуына мүмкіндік беру; Мамандардың жаңашыл тәжірибелерін анықтау және қолдау көрсету, Мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу және жариялауға қолдау көрсету; Кәсіби педагогикалық шеберлігін әрмен қарай өсіру.
Қатысушылардың барлығы сертификат, дипломдар және "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ-ның бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығыныңәдіскері Қ.Куразова
-
Фото
-