
Қауіпсіздік шаралары - басты назарда
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Көксу аудандық комитетінің ұйымдастыруымен аудандағы орта мектептер мен балабақшалардағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға арналған семинар өткізілді.
Саз мектебінің мәжіліс залында өткен оқыту семинарына барлығы 42 техникалық инспектор қатысты.
Көксу аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Сағымбала Төкенованың төрағалығымен өткен семинарға аудандық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әжиева Маншүк қатысып, мектептер мен балабақшаларда санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуында жіберілетін кемешіліктерге тоқталып, алдағы уақытта оларды болдырмау үшін орындалуы тиіс талаптар туралы мағлұмат берді.
Ал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Мәулен Нұрахметов білім беру мекемелерінде өрт оқиғаларын болдырмау, оның алдын алу шараларын қарастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпарат беріп, техникалық инспекторларға жадынама үлестірді.
Көксу аудандық электроэнергия тасымалдаушы «ТАТЭК» акционерлік коғамының директоры Айдос Тұғанбаев техникалық инспекторлардың электр каупсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді. Мысалы, басқосу барысында техникалық инспекторлар мектептердің аумағында әлі күнге дейін трансформатордың тұрғанын, сонымен қатар олардың мектеп балансында екендігін тілге тиек етіп, балалар өміріне қауіп туғызатынын жеткізді. Тиісінше мекеме басшысы облыстық«ТАТЭК» акционерлік коғамы директоры атына хат жолдау қажеттігін айтып, мектеп балансынан шығару туралы кеңес берді.
Семинарбарысында катысушылар әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді.
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі