.jpg)
Халықаралық мұғалімдер күні
1 қазан Қарттар күні және 5 қазан Халықаралық мұғалімдер күні аталып өтуіне байланысты еңбек адамының, мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдық-материалдық ынталандыру мақсатында Ақтөбе облысының барлық бастауыш және аудандық білім беру ұйымдарында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Барлық білім беру ұйымдарында 1-7 қазан аралығында «Ұстазға тағзым», «Ұстаз ұлы тұлға»,«Ұстаз атын ұлықтайық», «Ұстазым менің, ұстазым» атты және басқа да тақырыптарда кәсіподақ көшбасшыларының ұйымдастыруымен мерекелік шаралар,кездесулер,спорттық шаралар өткізілді. Үздік ұстаздар кәсіподақтар тарапынан марапаттар мен бағалы сыйлықтарға, қошеметтерге ие болды. Білім беру саласының ардагер ұстаздарының үйлеріне барып мерекелік сыйлықтар тапсырылды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-