Текелі қаласында «Еңбек күні» мерекесі аталып өтті
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні болып жарияланғаны белгілі. Бұл күн мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру тапсырмасы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, жұмысшы мамандықтарды насихаттау арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуды көздейді.
Осы күнді атап өтуге байланысты Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Құрылымдардың басым көпшілігінде аталған күн «Қарттар күні» және «Мұғалімдер күні» мерекелеріне орайластырылып өткізілді.
Осы орайда, Текелі қалалық кәсіподақ комитетінде «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында бастауыш кәсіподақ төрағалары үшін «Еңбек қатынастарын реттеуде кәсіптік одақтардың рөлі» тақырыбында семинар – тренинг, ұстаздар мерекесіне орай қалалық мәдениет үйінде «Ұстаз –ұлы тұлға»атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты мерекеге ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері, жас мамандар шақырылды. Сонымен қатар, зейнеткерлікке шыққан 13 ұстазға сый құрмет көрсетіліп,кәсіподақ атынан сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты жағдайда жас мамандар ұстаздар қатарына қабылданды. Бірқатар кәсіподақ ұйымының белсенділері ұстаздардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы белсенділігіжәне кәсіподақ саласының дамуына қосқан үлесі үшін кәсподақ ұйымының құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Мерекелік іс-шараның жалғасы ұстаздар мен оқушылардың концертіне ұласты.
Р.Малчабаева,Текелі қалалық кәсіподақкомитетінің төрайымы
-
Фото
-