«Ұлағатты – ұстаздар!»
Қазан айының бірінші аптасы – байтақ ел, қалың қауым үшін шынында да қуанышты әрі салтанатты күн. Ұстаздардың ұлы мерекесі – Мұғалімдер күні!
Ағымдығы жылдың 9 қазан күні Ақтау қаласындағы «Experanze» мейрамханасында Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің ұстаздар күніне арналған «Ұлағатты – ұстаздар!» салтанатты шарасын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі» ұйымдастырып өткізді.
Фойеде көңілді әуендер ойналып тұрды. Ресми қонақтар мен шақырылған ұстаздар орындарына орналасқаннан кейін жүргізушілер ортаға шығып, салтанатты кешті бастап та кетті.
Баршамызды білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған – ұлағатты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! - дей келе алғашқы Құттықтау сөзді «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің» төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызынаберілді.
Құттықтау сөзден кейін төрайым, белсенді әлеуметтік әріптестер Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының директоры-Нурбасинова Рысты Шораевнаны, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, Маңғыстау политехникалық колледжінің директоры -Ниталиев Жанбек Кургановичты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және бастауыш кәсіподақ көшбасшыларына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің» арнайы дипломдарымен марапаттады.
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламамен ұласты.Облыстық білім беру мекемелері басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымыныңтөрайымдары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерінқорғаудағы белсенді қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыс тілеп тарқасты!
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-