«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының мұғалімдер күні мерекесі «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» тақырыбында №3 орта мектеп Баянды ауылында өтті. Оған Мұнайлы ауданының әкімі, білім басқармасының кадр бөлімінің басшысы, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, БАҚ өкілдері, ардагер ұстаздар және кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Ауданымыздың 10 жылдығымен тұспа - тұс келген ерекше,қайталанбас – Ұстаздар күні.
Мұнайлы боп қалаңғалы әр тасы,
Бұл әрине ұстаздардың арқасы.
Әр шәкіртті бір мамандық иесі,
Құлдырауға құлатпайтын жар тасы – дей келе Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Дошанова Т. сөйледі.
Ұстаз мәртебесін көтеру, оларға әлуметтік қолдау көрсету – мемлекет тарапынан әр кез қолдау тауып келеді.
Білім саласы қызметкерлерін және ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап аудан әкімі ауданның қалыптасуына қосқан үлесі үшін «Мұнайлы ауданына 10 жыл» мерекелік төсбелгісімен Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен жетістіктері үшін Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы ұстаздарға Алғыс хат пен гүл шоқтарын тапсырды.
Мереке соңы «Грант Ай» мейрамханасында жалғасты.Аудан білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төреайымы Кашиева А ардагер ұстаздарды және ұстаздар қауымын гүл шоқтарымен, сый-сияпат, граматалар табыстады.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ –ніңМұнайлы аудандық филиалының төрайымы
Кашиева Ақмоншақ Ахметқызы
-
Фото
-