
Баянауыл ауданының ардагер-ұстаздарына арналған кеш
ҚБ-тің «Баянауыл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалы 2017 жылғы 6 қазанда педагогикалық еңбек ардагерлеріне Дүниежүзілік мұғалімдер күні мерекесіне арнап мерекелік кеш ұйымдастырды.
Аудандық жас педагогтар шығармашылық өнерлерін ортаға салып, аға буын өкілдері, ардагерлерімізді бір сергітті. Мерекені Таңат Ахатов Бұхар жырау мен Мәшһүр Жүсіпті, Едіге мен Шоң, Шорман билерді, Қаныш тілге тиек етіп, киелі жердің ұлағатты ұстаздарына арнау арнап, аға буын өкілдерінің көңілінен шықты.
Жас мамандардың түрлі әндері мен өлең жолдары үзіліссіз шырқалып отырды. Көңілдері көтерілген үлкендер мерекелік дастарханға жайғасып, өздері де еңбектің кешегісіне шолу жасап, әңгіме-сұхбат құрып, өлең айтып отырды.
«Аталы ел – баталы ел» демекші, ауыздары дуалы қарияларымыз ақ баталарын беріп, облыстық және аудандық кәсіподақ алғыстары мен ризашылықтарын айтты.
НЫҒМЕТОВА Айнагүл,Павлодар облысы Баянауыл аудандық
білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-