Ардагерлерді ардақтайық!
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқтарбай Қанапияновты ұстаздар мерекесімен құттықтады. Кездесубарысындақоғамдық бірлестіктің басшысыардагердіңөскелеңұрпақтытәрбиелеугеқосқанорасанүлесін, белсендіөмірлікұстанымынерекшеатапөтті.
- Сіздіңерлігіңіз, айбындықайратыңызбарлықжетісулықтарүшінәрдайымүлгі болады.Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымы мүшелері атынан Сізгеерекшеқұрметбілдіріп, ұстаздар мерекесімен шынжүректенқұттықтаймын, - дедіСадық Нұрсапаұлы.
Өз кезегінде ардагер - ұстаз қолдау көрсеткендігі үшін рахметін айтып, батасын берді.
Еске салсақ, Тоқтарбай Қанапиянов - І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Құрмет» ордені, 20-дан астам медальдармен наградталған. Соғыстан кейінгі уақытта ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек етіп, «КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. «Ақсу және Көксу аудандарының құрметті азаматы» атақтарының иегері. Бүгінгі күні дербес зейнеткер. Жасы 93-те. Тоқтарбай атамыз ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, жастармен бөлісетін аталық өсиетібарақсақалдардың бірі. Бүкіл ғұмырын өнегелі жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаз қоғамдық өмірден сырт қалмайды. Әлі күнге дейін жоғары оқу орындарына, мектептерге барып, өзінің тағылымға толы естеліктерін айтып жүреді.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі