Мамандығым-мақтанышым
Елімізде қыркүйекайыныңсоңғыжексенбісінде«Еңбеккүні»мерекесі аталып өтеді.Елбасы қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға, жұмысшылар әулеті дәстүрін нығайтуға бағытталған мерекені 2013 жылы бекіткен болатын. Осы мереке аясында аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Мамандығым-мақтанышым» атты ауқымды шара өтті.
Шараға еңбек ер атандырған ардагер-ұстаздар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ активі мен еңбек жолын енді бастаған жас мамандар қатысты. Жиында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Ербол Абуталипов пен аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Зауреш Тойбекова сала еңбеккерлерін мерейлі мерекемен құттықтады.
- Еңбек күні –барлық еңбек адамының төл мерекесі. Осынау мерекеде сіздерге зор денсаулық, жаңа форматтағы жұмыстарыңызға табыс тілей отырып оқушыларыңыз биіктен көрінсін дегім келеді, - деді аудандық білім бөлімінің басшысы. Кәсіподақ төрайымы Зауреш Орынқұлқызы жас мамандарға ақ жол тілеп,кәсіподақ қатарын толықтырған оларға кәсіподақ билетін салтанатты түрде табыс етті. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.
Сұлушаш ОСПАНОВА,Т.РЫСҚҰЛОВ ауданы
-
Фото
-