Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелеріне орай «Еңбек адамын жырлаймын» тақырыбымен іс-шара өткізді
2017 жылғы 28 қыркүйек күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелеріне орай «Еңбек адамын жырлаймын» тақырыбымен іс-шара өткізді.
Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар, озат мұғалімдер, педагогтар әулеті, жас мұғалімдер мен студенттер, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мектептер директорлары, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен кәсіподақ активі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
«Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелеріне арналған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қ.Ж.Жантөреева, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө. Сағындықов, ОҚО Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы А.К.Мамытбеков, ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Ә. Қарабеков, М. Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры Ж.Айменов, ОҚ мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры М.Байғұтова, білім саласының ардагерлері – Б.Көмекбаева, С.Барахова, Р.Қожамжарова, А.Искаков, А.Кокишева және т.б., салалық кәсіподақтардың облыстық ұйымдарының басшылары қатысты.
Мерекелік іс-шараның басталуы алдында М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері жиынға қатысушыларға арнап флешмоб көрсетті, қатысушылар облыстық кәсіподақ комитеті мен құрылымдық ұйымдарының қызметі жайлы дайындалған бейнефильмді тамашалады.
Мерекелік іс-шарада білім саласының ардагері С.Барахова қатысушыларды «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелерімен құттықтап, озат ұстаздарға ОҚО әкімінің Грамоталарын, «Алғыс хаттарын» тапсырды.
ОҚО кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова үздік ұстаздарға облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгілері мен Құрмет грамоталарын тапсырды және педагогтық әулеттерге, соның ішінде Шымкент қаласынан Каримкуловтар әулеті, 35 мұғалім –педагогикалық еңбек өтілі 708 жыл, Отырар ауданынан Бабашовтар әулеті, 29 мұғалім – педагогикалық еңбек өтілі 687 жыл, Арыс қаласынан Жүнісовтар әулеті, 32 мұғалім – педагогикалық еңбек әулеті 603 жыл, Кентау қаласынан Керімбековтер әулеті, 29 мұғалім – педагогикалық еңбек өтілі 562 жыл, Сайрам ауданынан Кувашевтар әулеті, 22 мұғалім – педагогикалық еңбек өтілі 535 жыл және еңбек өтілі 400 жылдан асқан басқа да педагогикалық әулеттерге, барлығы 10 әулетке марапаттар мен сыйлықтар және «Алтын той» иелері – Бәйдібек ауданының ұстаздары, ауданның «Құрметті азаматтары», 3 қыз бен 2 ұл тәрбиелеген, ардагер ұстаздар Омарбеков Мамырхан мен ӘбдуаитоваӘзираға гүл дестелерін, мерекелік белгілер мен құттықтаулар, сыйлықтар тапсырып, көтермелеу жасады.
ОҚО білім басқармасының басшысы И.Ө. Сағындықов мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтап, үздік ұстаздарға облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің бірлесіп берілетін Құрмет грамоталарын табыстады.
«Еңбек адамын жырлаймын» мерекесінде «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева ардагер ұстаздарға, ОҚО еңбек инспекциясының басшысы А.К.Мамытбеков жас мамандарға, білім саласының ардагері Б.Көмекбаева озат ұстаздарға марапаттар тапсырды.
ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Ә.Қарабеков Қазақстан-дық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төс белгілері мен Құрмет грамоталарын тапсырды.
Мұғалімдік еңбек жолын жаңадан бастаған жас ұстаздарға еңбек кітапшалары беріліп, ұстаздық қызметін адал атқаруға ант беру рәсімі өткізілді.
Мерекелік іс-шараға қатысушыларға концерттік бағдарлама көрсетілді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-