Ұстаздар күні – маңызды мамандыққа тағзым
Ақмола облысы Бурабай ауданында білім беру қызметкерлері жылдағы дәстүрлі ардагер ұстаздарға қошемет, құрмет көрсету іс-шараларын жалғастыруда.
Ауданымызда жиырма жылға жуық Ұстаздар күнімен қоса аталып өтетін қарттарды қолдау айлығы ұйымдастырылды, осы айлық жоспарында аудандық білім бөлімімен білім қызметкерлерінің кәсіподақ Кеңесі біріге отырып бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды.
Щучинск қаласының №10 мектеп-интернатының базасында ардагер ұстаздармен жоғары жетістікке қол жеткізген қатардағы мұғалімдерге арналған кеш өтті. Кеш барысында аудан әкімі Қ.С.Қараулов ардагерлерге ақ тілегін айтып зор денсаулық, ашық аспан тіледі. Кешке жиналғандарға аудан әкімінің атынан құнды сыйлықтар таратылды.
Келесі өнегелі іс-шараның бірі аудан әкімінің жас мамандармен кездесуі. Биылғы оқу жылында өз еңбек жолдарын алғашқы рет бастағалы отырған 47 жас мамандармен кездесу өтіп, онда ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берілді. Аудан әкімі Қ.С.Қараулов жас мамандарға ақ жол тіледі.
Сонан соң аудандық мәдениет үйінің төрінде ұстаздар мен ардагерлерді салтанатты марапаттау жиыны өтті. Көптеген деңгейдегі марапаттар иелеріне табыст етілді. Жиын үлкен музыкалық кешке ұласып шақырылған қонақтар көтеріңкі көңілмен тарқады.
Жоспар бойынша шаралар ай бойы жалғасып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Бұл дәстүрлі шараларымыз кейінгі жастарымызды ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.
Ақмола облысы Бурабай ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы А.Т. Абдрахманов