«Алтын күз-2017»
Қызылорда облысы Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенттер кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қарттар күні, Кәсіптік білім күні, Ұстаздар мерекесіне орай «Алтын күз-2017» курс аралық сайысы болып өтті. Мерекелік кешті «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында жас мамандар көрініспен бастап, колледж директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы, колледж ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекпанов Оразғали ашып, барша мереке иелерін құттықтап, арнайы марапаттарды табыстады. Сайысқа 3 топ қатысып, концерттік бағдарлама көрсетіп, топ арасында спорттық сайыспен күзгі дәнді дақылдардан көрме қойылды. Көрме және спорттық сайыс жеңімпаздары марапатталып, курс аралық сайыстағы Хан мен Ханзада сыйлықтармен марапатталды.
Студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы - Құсан Еркін
-
Фото
-