
"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген жас мамандармен кездесу өтті
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған аумақтық ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық бірлестіктің заңгері Қ.Асылханов пен Көксу аудандық комитетінің төрайымы С.Төкенова "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша Көксу ауданының білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасқан жас мамандармен кездесті.
Алдымен жас мамандардың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігімен танысып, кездесу барысында бағдарламаға сәйкес тиісті жеңілдіктермен қамтамасыз ету жолдарын түсіндірді.
Көксу аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Сағымбала Күлсейітқызының айтуынша ауданға 2016-2017 оқу жылында 65 жас маман келген, 2-уі балабақшаға, 63 маман ауданның 20 мектебіне орналасқан. 2017-2018 оқу жылында 39 жас маман ауданның 13 мектебіне орналасқан. Тек соңғы 2016 - 2017 жылдары 32жас көтерме жәрдемақы, ал 16 педагог тұрғын үй мәселесін шешу үшін несие алған.
Кездесу барысында қаржының аз мөлшерде бөлінетіндігінен жас мамандар несиені уақытында ала алмайтындығы сөз болды. Тиісінше жас мамандар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Жалпы Көксу ауданында «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының шапағатын көрген жастар көп.Олар заман талабына сай, сабақты түрлендіріп, оқушылардың қызығушылығын арттырып еңбек етіп қана қоймай, барлық мектепішілік мәдени шараларға өз үлестерін қосуда.
Талдықорған аумақтық кәсіподақ
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-