
Білім және ғылым қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті
19 қыркүйекте Білім және ғылым қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.Отырыста ұйым төрағасының орынбасары Е. Крупко жастар кеңесінің мүшелеріне ҚРКФ-ның жастар саясатының 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл бағдарламаның негізгі қағидалары әрине жастар үшін әлеуметтік әділеттілік пен лайықты еңбек. Ұлан, Глубокий аудандарының жастар ұйымының өкілдері өздерінің аудандық жастар кеңесіндегі жүргізіп жатқан жұмыстарын ортаға салды. Әр ауданнан келген жастар кеңесінің төрағалары ортақ мәселелерді талқылап, алға қоятын міндеттер жайлы ой бөлісті. Оның ішінде жастарды толғантатын тек қана білім саласының мәселелері емес, сондай-ақ бүгінгі қоғамға деген көзқарасы, алға қойған мақсаттары егеменді еліміздің одан әрі көркейуіне барынша ықпал жасау, қызмет ету екендігі қуантады. Отырыс барысында Е.Крупко жастар кеңесінің жұмысын тұжырымдап, бүгінгі күнге дейінгі кәсіподақ жастарының істеп жатқан ісіне талдау жасады. Соңында алға қойылған жоспар талқыланып бекітілді.
-
Фото
-