
Ақтөбе сервис колледжінде оқу семинары өтті
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен ҚР Еңбек кодексінің 159 бабының 8т. сәйкес «Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтары. Жеке еңбек дауларын шешу тәртіптері» тақырыбында Ақтөбе сервис колледжінде қыркүйектің 14 күні оқу семинары өтті. Семинар барысында облыстық кәсіподақ ұйымының еңбек инспекторы, заңгер Алимпиев Александр Львович осы тақырыпты талқылады. Семинар барысында еңбек шарттарының ережелерінің орындалуына, мазмұнына, келісім комиссиясының жұмысына ерекше тоқталды. Семинарға 51 бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.
Сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ