
Талдықорғанда техникалық инспекторларына арналған оқыту семинары өтті
Кәсіподақ органдары мен оған мүше ұйымдардың алға қойып отырған ең басты мақсаты – кәсіподақ ұйымы мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мәселені дер кезінде анықтап, заңға сәйкес, іскерлікпен шешіп, жұмысшылардың жағдайын жақсарту.
Осы ретте, 12 қыркүйек күні Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған оқыту семинары өтті.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарынның орындалуын, оқыту процесі кезінде оқушылардың, білім беру мекемелері қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инспекторлардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараны аумақтық ұйымның төрағасы С.Әбдіқадыров жүргізді.
Семинарға Талдықорған аумақтық ұйымының қызметкерлері, аудандық, қалалық комитеттері мен оқу орындарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары, Алматы облыстық білім басқармасы, төтенше жағдайлар, облыстық қоғамдық денсаулық департаменттерінің мамандары, еңбек инспекциясы бойынша басқарманың мемлекеттік инспекторы, «ТАТЭК» акционерлік қоғамының қауіпсіздік мәселелері бойынша инженері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бағдарламаға сәйкес өндірістік кеңестерінің рөлі мен міндеттері, оқу орындарын тексеру және өндірістік нысандарды атестаттау кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің ережелерін пайдалану тәртібі, өрттің алдын алу, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы туралы сөз болды.
«Кәсіподақтың салалық Кеңесі бекіткен Ережені орындау мақсатында, 2017 жылдан бастап барлық білім ошақтарында еңбекті қорғау жөніндегі маманның штаттық бірлігін енгізілген болатын. Лауазымдық нұсқаулық бекітіліп, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңестер құрылды. Бүгінгі күні облыстың білім беру ұйымдарында жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі техникасы жағдайының сәйкестігін 490 техникалық инспектор бақылайды», - дейді Садық Нұрсапаұлы.
Оқыту семинары барысында білім беру мекемелерінің, яғни ұстаздардың жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі талаптары шарттарының сақталуы, өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу шаралары, өндірістік кеңестердің жұмысын жандандыру және санитарлық-техникалық талаптарды қамтамасыз ету жолдары қарастырылып, еңбекті қорғау жөніндегі техниқалық инспекторларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі.
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-