Мақсатымыз — қызметкерлердің мүддесін қорғау, екі ортада әріптестік орнату
6 қыркүйек күні Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған қалалықкомитетінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы кәсіподақтың рөлі мен орны, жұмыс ерекшеліктері, қызметі» тақырыбында кәсіподақ төрағалары мен төрайымдарына арналған оқыту семинары өтті.
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің базасында өткен шараға Талдықорған қалалық білім мекемелеріндегі43кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Оқыту семинарының модераторлары қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Құралай Жағыпарқызы Қысталасова және ұйымның маманы Айгүл Темірғалиқызы Жөнкебаева болды.
Модераторлар сергіту тренингін ұйымдастырып, қатысушыларды 3 топқа бөліп, жүргізді. 1-ші топ – мектеп әкімшілігі: «Қазіргі заманда білім саласындағы мектеп әкімшілігінің кәсіподақ жұмысындағы рөлі мен орны», 2-ші топ – кәсіподақ төрағалары: «Ұжымдық шарт – қызметкерлерге қосымша әлеуметтік – экономикалық кепілдіктерберу құралы», 3-ші топ – кәсіподақ мүшелері: «Қызметкерлерді кәсіподаққа ынталандыру және кәсіподақ мүшелерінің белсенділігін арттыру жолдары» тақырыптарын қорғады. Қарсылас топтар сұрақтарқойып, өз пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ төрағаларының, кәсіподақ төрағалары мен мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынасты қылыптастыру, ұжымның ауызбірлігін арттыру, қызметкердің мүддесін қорғайтын кәсіподақтың жұмысын тиімді ұйымдастыру, кәсіподақ қатарына азаматтарды тарту, қызметкерлердің еңбек құқығының сақталуы сияқты көптеген мәселелерге тоқталып, мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жаңа формата, қызу пікірталаста әрі әсерлі өткен семинар қатысушылардың көңілінен шықты.
Талдықорған аумақтық
ұйымның баспасөз қызметі
-
Фото
-