Группа студентов Костанайского государственного университета им. А. Байтурсынова посетила международную выставку «ЭКСПО-2017»
Гүлсая Қонысбекқызы :
- Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалағаныма өте қуаныштымын. Мұндай халықаралық көрменің біздің республикамыздың бас қаласы – Астанада өтіп жатқанын мақтап тұтамын. Бұл көрмені тамашалағанымызда ерекше әсер алдым. ЭКСПО көрмесінің ерекшелігі өте көп соныңбіріде-бірегейі онда бізді болашақтың энергиясы жайлы көптеген мәліметтермен таныстырды. Біз ЭКСПО көрмесінде көптеген шет елдердің павильондарына кіріп, қонақ болып көптеген қызықты технологиялармен таныстық. Осындай халықаралық көрмені тамашалауға мүмкіндік берген біздің университетіміздің кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз.
Толғанай Ерболат:
- Қазақ елінде алғашқы рет өткен осынау үлкен көлемде болған«ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің қонағы болғаны ма өте қауныштымын. Әсерімде өте зор. Көрме Арман қала – Астананың төрінде болғандықтан, қаламыздыда көріп қалдық. Көрмеге барғанда бір басқа әлемге түскен сияқты баласып, небір үлкен, әрі мемлекеттерді бірнеше күнде аралап өтіп шығуға болады. Болашақтың кілті тек біздің болашақ ұрпақтың қолында екініне бірден бір көз жеткіздім. Көптеген жаңа ашуларды көріп. Қазақ елінің жас ұрпақтары небір талантты екеніне көз жеткіздін. Көптеген энергия көздерімен таныстық. Осының бәрін көре неле осындай қарқын мен еңбек етіп, жұмыс істесен болашақ қазақ елі небір белестерден көрінбек. Қазақ елінің азаматы болып, осындай халықаралық көрменің қонағы болғаны ма қуаныштымын.
Гулжазира Абдрахметова:
- Бүгінде әлемдік аренада өзіндік орны бар Қазақстан болашақ энергиясына арналған «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастырып, ел мерейін асқақтатып отыр. Бұл болашаққа жасалған саналы да ізгі істің бастамасы. Бұл көпшілік көптен күткен көрмені тамашалауға мүмкіндік берген ҚМУ-нің кәсіподақ ұйымының студенттерге жасалған мүмкіндігі - болашақ ұрпақты тәрбилеуде игі іс болды.
ЭКСПО-2017-ден алған әсеріміз өте керемет. Бір сәтке болашаққа қадам басқандай әсерде болдық. Саналы да салиқалы, білімге, ғылымға құштар жандарды көргенде адамзаттың ертеңі, біздің өз қолымызға екенін түсіндік. Сонымен қатар жаңа достар тауып, осы тарихи оқиғаны бірге тамашалағаныма өте қуаныштымын. ҚМУ кәсіподық ұйымына алғысым шексіз!
-
Фото
-