
Жас келсе іске
2 қыркүйек күні Текелі қаласы № 8 мектептің базасында моноқаланың білім беру мекемелеріне келген жас мамандардың қатысуымен «Ардагер ұстаздардың ұлағаты - жастарға үлгі» тақырыбында кездесу өтті.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бастамасымен және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастырып, аға буынның қажырлы еңбегін жастарға үлгі ету мақсатында өткен кездесуге Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров, Текелі қалалық комитетінің төрайымы Роза Малчабаева, ұзақ жылдар бойы аталған мектепте ұстаздық еткен Кикбаева Ләззат пен Наталья Сибирякова, жас мамандар т.б қатысты.
Кездесу барысында ардагер ұстаздар білім беру саласының қыр – сырымен бөлісіп, өздері еңбек еткен жылдардағы қызықты оқиғаларын әнгімелеп, білім мен тәрбиеге бірдей көңіл аудару керектігін атап өтті. «Ұстаз – шәкіртіне үлгі – өнеге болатын, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке баулитын жан. Сіздерге мықты денсаулық, шыдамдылық және еңбектеріңізге жетістіктер тілеймін», - деп атап өтті өз сөзінде ардагер –ұстаз Н.Сибирякова.
Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы білім беру жүйесіндегі жаңа идеялармен бөлісіп, жас мамандардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық бірлестіктің 2017-2018 оқу жылдарына қойған мақсат–міндеттермен таныстырды. Тиісінше жас ұстаздар өз ойларын ортаға салып, алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында С.Әбдіқадыров еңбек жолын бастап отырған жас ұстаздар қауымын білім күнімен құттықтап, салтанатты жағдайда кәсіподақ ұйымының мүшелігіне қабылдап, куәліктерін табыс етті.
Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының
бас маманыЛ.Сағынғалиқызы
-
Фото
-