
Талдықорғандық ұстаздардың тамыз кеңесі өтті
31 тамыз күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Н.Мәмбетжановтың қатысуымен «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» тақырыбында облыс орталығы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.
Конференция барысында жаңа 2017-2018 оқу жылына қойылған міндеттер мен мақсаттар баяндалды.Айта кетейік, өткен оқу жылында Талдықорған шаһарында 25 мыңнан аса оқушы білім алса, ал2017-2018 жаңа оқу жылында 26 мың оқушы білім алады деп күтілуде. Қала әкімінің орынбасары Н.Мәмбетжанов қалада 1200 орындық 2 мектеп пен 1 саз мектебінің құрылысы басталғанын, сонымен қатар биылғы жылы 5 балабақшаның ашылатынын мәлімдеді.
Педагогтар кеңесі кезінде Талдықорған аумақтық ұйымның төрағасы Садық Әбдіқадыров өз сөзінде кәсіподақ ұйымдары жұмысының маңыздылығына ерекше тоқталып, әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы белсенділігімен ерекшеленген және кәсіподақ саласының дамуына қосқан үлесі үшін Н.Тілендиев атындағы саз мектебінің ұстазы Әйнеков Марат Сейтанұлын білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің ұстаздары әрі кәсіподақ ұйымының төрағалары Айтқали Ахметов пен Бахтыхан Садықановаларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Білім және ғылым қызметкерлерікәсіптік одағы Талдықорған
аумақтық ұйымының бас маманыЛ.Сағынғалиқызы
-
Фото
-