
Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағаларының секциялық отырысы өтті
25 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағаларының секциялық отырысы өтті. Мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен өткен отырыс барысында қызметкерлер мен оқушылардың қауіпсіздігін іске асыру жөнінде аудандық еңбек инспекторы Д. Меңғалиев және аудандық білім бөлімінің инспекторы Е. Майлаубаев баяндама жасады. Мектептің оқу жылына дайындығы жайында ақпарат тыңдалды. Соңында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ә. Қосамбеков әрбір бастауыш ұйымның төрағаларымен алдағы еңбек күні, мұғалімдер күні, қарттар күніне арналған іс-шараларды талқылап, бекітті.
Аудандық кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің мүшесі Мукашева Гүлнар
-
Фото
-