Ұлағатты ұстаздар марапатталды
Тамыз айының 25-ші жұлдызында «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінде педагог қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында «Ел жаңғыруындағы білімнің үлесі» тақырыбындағы секциялық отырысы өтті.
Төраға Қайненов Қилымғали Қайненұлыжаңартылған оқу жылында мұғалімдер де деңгейін толықтыру мақсатында курстардан өтіп өзгерістерге еніп жатқандығын, және сол өзгерістер үдерісінде ұстаздардың құқығын қорғау кәсіподақ мүшелерінің басты міндеті екендігін нақтылап атап өтті. Кейінгі кезектетөраға орынбасары Сәрсенгалиева Жанар Үмбетқызы Елбасының елімізді рухани жаңғыртудың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бірегей бағдарламасы жөнінде сөз етіп, бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екендігін, осы бағдарды бетке алып қызмет етіп келе жатқан ұстаздар қауымының құқықтық мүдделерін қорғауға кәсіподақтың әрқашан дайын екендігін, бірлескен жұмыстардан оң нәтижелер күтілетіндігін атап өтті. Жиын бір топ ұлағатты ұстаздардың марапатталуымен жалғасты. Төраға Қилымғали Қайненұлыұстаздарды салтанатты түрде «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағыныа сіңірген еңбегі үшін» төс белгілермен және де «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптің одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» сонымен қатар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Жалпы, кәсіподақ ұжымы үшін аталмыш отырыс жыл сайынғы дәстүрге айналған. Жаңа оқу жылына алғашқы қадам болып саналатын бұл жиыннан қалыс қалмай, ұстаздардың алдағы оқу жылына толайым табыстар тілеу де қалыптасқан дағды десек, артық айтқандығымыз емес. Барша педагогтардың бала тәрбиелеу жолындағы тынымсыз тірліктеріне тың серпін тілейміз.
Райымбек Сафиоллаев
-
Фото
-