
Көксу ауданында ұстаздардың тамыз кеңесі өтті
28 тамыз күні Алматы облысы Көксу ауданы білім қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру 3.0- білімнің үлесі» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Тамыз кеңесінің пленарлық жұмысы кезінде білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы белсенділігі және кәсіподақ саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Күннің екінші жартысында өткен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен Көксу аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының секциялық жұмысы кезінде өмір қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қоғамдық инспекторлардың жұмысы және 2016-2018 жылдарға арналған ұжымдық келісім шарттың орындалу барысы туралы сөз болды. Жиын барысында бастауыш кісіподақ ұйымының төрағалары бір-бірімен тәжірбие алмасып, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-