Республикалық «Мектепке жол акциясы» Қызылорда қаласы № 101 мектеп –лицейінде өтті
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан шығу мен жаңарту» жолдауында «Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар – біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді. Сондықтан барлық қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштікке және қайсарлық көрсетуге шақырамын» деп атап көрсетті. Осы мақсатта біздің мектебімізде облыс көлемінде «Мектепке жол акциясы» іс-шарасы болып өтті.
Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г.Есқалиева өз сөзінде: «Бүгінгі таңда республикамыздың түкпір-түкпірінде 1 тамыздан бастап екі айлық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету» - дей келе өзінің балаларға деген сый –сыяпатын табыс етті.
Осындай ниетпен Қорқыт Ата атындағы университет ректорының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Ж.Базартай да ізгі ниетін жолдап балалардың мәртебесін көтерді. Осы арада қалалалық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы О.Әлімбетова сөз алып осынау жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз –деп өз ойын жеткізе отырып оқушыларға мекепке қажетті құралдарды табыс етті.
№101 орта мектеп-лицейінің бастауышкәсіподақ ұйымының төрайымы Ұ.Көзейбаева