Рухани жаңару – заман талабы
Тамыз айының 22-23 күндері Қаратау баурайындағы « Тау самалы » балаларды тынықтыру лагерінде аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Жаңақорған жастары рухани жаңару жолында» тақырыбында ауданның жас ұстаздарының лагері(басқосуы) болып өтті. Лагерьге аудан мектептері мен балабақшаларынан 45 жас ұстаздар жиналды.Жас ұстаздардың басқосуы тақырыбына сай соны серпіліспен,тың идеялармен өте жоғары деңгейде өтті.Екі күн бойы бағдарламаға сәйкес ұйымдастырылған іс-шаралар жастар көңілінен шығып,жаңақорғандық жас ұстаздар өздерін сан қырынан көрсете білді.
Әсіресе«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің аға кеңесшісі Ыбрахим Әділ өткізген «Өзін-өзі басқарудың жаңа тәсілдері» тақырыбындағы Коучинг,«Өзін-өзі басқарудың жаңа тәсілдері » тақырыбындағы тренинг,Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистрі Қойшығұлова Қарлығаш өткізген «Шебер сөйлеу технологиясы» тақырыбындағы шеберлік сыныбы, «Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеу жолдары»- тақырыбындағы тренингі»,Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистранты Жандос.Оразмаханов өткізген «Start up-бизнес бастауы»-тақырыбындағы тренинг, сондай-ақ КВЕСТ интеллектуалдық-топтық ойындар, TEAM BUILDING спорттық ойындары көпшілік көңілінен шықты.
Лагерге қатысқан жас ұстаздар «Достар» «Жастар», «Жас- Star S» топтарына бөлініп, өз ара білім, өнер, спорт сайыстарын ұйымдастырып және жоғарыда аталған тақырыптық тренингтерге белсене де қызыға қатысты.
Лагер шаралары барысында жас ұстаздар арасынан №110 мектеп мұғалімі Айнақожаев Еркінбек,№213 мектеп мұғалімі Нысанбаев Серік, Әлшекей өнер мектебінің мұғалімі Қалдыбаева Ақнұр, №184 мектептің мұғалімі Маханова Айдана, №160 мектеп мұғалімі Мұрат Ақерке,Бесарық өнер мектебінің мұғалімі Мұстафаев Ерсұлтан, №125 мектеп мұғалімі Сейтқұлов Самат, №86 мектеп мұғалімі Жаппаров Арман білімдерімен, өнерімен, ұйымдастырушылық қабілетімен дараланып,арнайы дипломдармен және заттай сыйлықтармен марапатталды.
Жас ұстаздар лагеріне қатысқан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымының орынбасары Есқалиева Гүлнар, Жаңақорған аудандық Нұр Отан пртиясының кеңесшісі Үсенұлы Нариман, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Сатершинов Елшібек екі күнге созылған іс-шара соңында жас ұстаздардың бұл басқосулары жайлы ұсыныс-пікірлерін ортаға салып,қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Айсұлу Пазылова,Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы
-
Фото
-