«Туған күн иелері күні»
Алға балалар үйінің жазғы лагерінде 2017 жылдың 24 тамызында «Туған күн иелері күні» және жазғы лагерінің жабылу салтанатты шарасы өтті. Мерекелік шараға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.Серікова мен маманы А.Серимбетов қатысты. Балалар мерекесіне облыстық кәсіподақ ұйымының өкілдері құр қолмен барған жоқ әрине, балаларға Ақтөбе қаласындағы балалар ойын-сауық орталығы Керуенге бір күндік демалыс сыйлады.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ