
Ана мен балаға жасаған қамқорлық
Білім және ғылым қызметкерлері Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының тегін жолдамасымен бойынша облыстың 87 көп балалы алтын және күміс алқа иегерлері балаларымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылындағы «Таң нұры» демалыс аймағында 1 тамыздан – 10 тамызға дейін демалып қайтты.
Жолдама иегерлері дәрігерлік емдерді де қоса қабылдағанын айта кеткен жөн. Сол аймақтағы қасиетті Қарашаш ана, Ахметжан, Түлкібасы, Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Көз ата әулиелер сынды қасиетті жерлерді, сонымен қатар Ақсу Жабағылы қорығының мұражайын да көріп қайтуға мүмкіндік туды. Көп балалы аналардың демалыстары аясында түрлі шағын мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Демалыс өте керемет өтті. Ана мен балаға жасаған қамқорлығы үшін облыстық салалық кәсіподақ комитетіне демалушылар - алтын және күміс алқа иегерлері және балалары атынан ризашылығымызды білдіріп алғыс айтамыз.
Сара Есмаханова,
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Ақжар ауылындағы №28 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі, зейнеткер, күміс алқа иегері.