
Қуантсаң, баланы қуант!
Қазір біздің өмір сүріп отырған қоғамдағы білім беру саласының басты міндеті – әр баланы білімді, даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейімдеу және бәсекеге қабілетті тұлға етіп қалыптастыру.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халықына арнаған Жолдауында «Біздің болашағымыз - адам капиталының сапалы артуында. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие мен білім жүйесін жетілдіріп, оқу үрдісіне жаңа әдістер мен технологияны енгізіп қана қоймай, балалардың демалысын сапалы ұйымдастырып, олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау керек» делінген.
Осы ретте ағымдағы жылдың 4 тамыз күні Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы «Мектепке жол» акциясын өткізді. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – егеменді еліміздің келешегі – жас жеткіншектерге қамқорлық көрсету, көңілдерін көтеріп, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының проблемаларына жұртшылық назарын аудару, бизнес құрылымдары өкілдерін балаларға демеушілік жасап, қолдау көрсетуге шақыру болды.
Қайырымдылық шараны Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров ашып, жүргізді. «Бүгінгі оқушы – егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығуына аз да болса көмегіміз тиеді деп ойлаймыз», - дейді қоғамдық бірлестіктің төрағасы.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынған ел азаматтарына, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған кәсіподақ ұйымына айтар алғысым шексіз», - деп ата–аналар атынан 4 баланың анасы Айгүл Қайранбаева үлкен ризашылығын білдірді.
Игілікті шарадан Талдықорған және Текелі қалалық, Ескелді, Көксу аудандық кәсіподақ ұйымдары да шетте қалмады. Жалпы шара барысында 20 балаға мектепке қажетті киім - кешек және кеңсе тауарлары тапсырылды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі.
-
Фото
-