Жас ұстаздар жанына жарық жаққан жазғы лагерь
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райкүл Байназарованың қолдауымен облыстан «Ең үздік» деген 80 жас кәсіподақ көшбасшыларының басын қосты. Жас ұстаздардың жаңару мен өрлеу жолында құрылған лагерь мақсаты – кәсіподақ көшбасшыларына түрлі бағыттағы тартысты проблемалардың басын ашып ой бөлісіп, тіл байлықтарын арттыру, ойды демалдырып сергектік сезім сыйлауды мақсат тұтқан.
Жазғы лагерде тынығу бөлмелері, төрт мезгіл ас, таудағы серуен, жастарға арналған би кештері, хауыз және тынығу саябақтары қарастырылғаны демалушыларды қуантты.
Жас ұстаздар барлық бағытта өнерлерін ортаға салып, әр қайссысы өз ерекшелігімен көзге түсіп алғыс хаттармен және түрлі номинациялармен марапатталды. Тартысты да қызықты сәттерге толы болып өткен жас кәсіподақ көшбасшылар басқосуында Қармақшы ауданы №30 Омар Шораяқұлы атындағы қазақ орта мектебінің «Бастауыш сынып мұғалімі» Нұржан Оңдашов олыстық жазғы лагердің «Лагерь жұлдызы» номинациясын жеңіп алып ауданымыздын беделін бір көтеріп қайтты.
Мұндай қызықты да қуаныш сыйлаған кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да дәл осындай лагерлердің саны арта түссе деген ойларын айтты.
Жазира Ақбатырова,
Қармақшы ауданы
№21 «Тоғжан» ясли-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы