
Жаз жайнатып, күн күлдіріп...
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен Жаңақорған аудандық салалық кәсіподағының ұйытқы болуымен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының 47 бүлдіршіні 1-10 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Таң нұры» жазғы тынығу – сауықтыру лагерінде демалып қайтты. Бүлдіршіндер қуанышты көңіл - күй,шексіз әсермен оралды. «Мен аудан орталығындағы №169 орта мектептің 6-сыныбында оқимын. Үш жылдан бері жазғы демалыс уақытында лагерьде тынығуды әдетке айналдырдым. Екі жыл бойы өз ауданымыздағы «Тау самалы»лагерінде демалдым. Биыл «Таң нұры» лагерінде демаламын деп шештім. Лагерьге жолдаманы анамның жұмыс орнындағы кәсіподақ ұйымы арқылы алдым.Лагерден алған әсерім шексіз,сол жерден танысқан жаңа достарым да жетерлік. Алдағы жаңа оқу жылына жаңа серпін,көтеріңкі көңілмен баратын болдым.Осындай керемет демалысты ұйымдастырған аға-апаларға деген алғысым шексіз »- дейді демалушы Нұрай Батырханқызы.
Айсұлу Пазылова, Жаңақорған ауданы.