Әдістемелік кабинет әсер қалдырды
Үстіміздегі жылдың шілде айының басында Қызылорда облысы Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті жанынан әдістемелік кабинет ашылды.
Әдістемелік кабинетті ашудағы басты мақсат сала қызметкерлеріне кәсіподақ жұмысын насихаттау арқылы олардың мүдделерін қорғауда құқықтық, әлеуметтік көмектер көрсету.
Ұйымдастыру барысында мұғалімдерге қажетті заң актілері, бастауыш кәсіподақ ұйымын ұйымдастыруға қажетті нормативтік іс-қағаздар сонымен қатар әдістемелік кітапшалармен қамтылған. Әдістемелік кабинетті ашуға келген облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.М.Байназарова, аппарат қызметкерлері, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағалары кабинет жұмыстарымен танысты. Әрі қарай облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова комитет мүшелерінің көшпелі отырысын жалғастырып күн тәртібінде сала қызметкерлері балаларының жазғы демалыспен қамтылуына және мұғалімдер үшін шипажайлар жолдамасының берілуіне тоқталды. Аталған жұмыстар бойынша жекелеген аудандарға тапсырмалыр беріліп қадағалауда болатынын ескертті.
Ұстаздар қауымына қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған әдістемелік кабинеттен алған әсермен бөліскен әріптестер ұйымдастыру шараларына рахмет айтып, ризашылық әсер қалдырды.
Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Раман
-
Фото
-