«Құлагер» демалыс аймағының ашылу салтанаты
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Балқаш көлі жағасындағы «Құлагер» спроттық - сауықтыру демалыс аймағының кезекті маусымы салтанатты түрде ашылды.
Университет ұжымы жыл сайын Балқаш көлінің жағасында демалуды дәстүрге айналдырған. Бұл дәстүр Астана күні мерекесі қарсаңында кәсіподақ ұйымы тарапынан ұйымдастырылды. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, факультет декандары мен оқытушылары бөлім қызметкерлерін қуана қабылдап таң сыз бере жолға аттанды. Табиғаты көркем, Жетісу жерінің табиғатын тамашалай отырып, төрт автобуспен жолға шыққан демалушылар ән-күй, әзілмен сапарға шықты. Демалушылар бұл сапарда өздерінің немерелерімен де шыққан екен. Сапар Лепсідегі атақты сазгер композитор Мұқан Төлебаевтың тарихи музейін тамашалаудан басталды. Әрі қарай көкпен астасып жатқан Балқаш көліне де келіп жеттік. Демалушылар жанға жайлы, дертке дауа көлді сағынған екен. Буырқанып тостағына сыймай тұрған көлдің жағасы әп-сәтте балалардың күлкісі мен демалушылардың думанына айналды.
«Құлагер» спорттық-сауықтыру демалыс аймағының биылғы жылғы ашылуын университеттің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, М.Төлеген демалушыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырылып жатқан тиімді шараға ыстық ықыласын білдіріп, ұжым мүшелерінің жазғы демалысына арналған кешенді қызмет екендігіне тоқталды. Іс-шарада университеттің жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры Б. Сериев сөз сөйлеп, биылғы жылы демалыс аймағында бірқатар жаңарту жұмыстарының атқарылғанын тілге тиек ете келіп, осы кешенде «Отау ТВ» бағдарламасы, «Дрон» бейнекамерасы іске қосылғанын жеткізді. Филология ғылымдарының докторы Сайлау Қожағұлов Балқаш көлінің тарихын, яғни, оған жеті өзеннен басқа, жетпіс бұлақтың суы құйылып дертке дауа, жанға шипа, көңілге сергектік беретін емдік қасиеттеріне тоқталды.
«Құлагер» спорттық-сауықтыру демалыс аймағында демалушылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Ас дайындайтын орын, спорт алаңы, демалыс бөлмелері телевизор, желдеткішпен, сондай-ақ жағажайда орналастырылған 30 шақты тапшандар мен қол шатырлар, жатын орындар сақадай сай келушілерге қызмет атқаруда. Аймақ қызметкерлері қауіпсіздік шараларын, жөндеу жұмыстарын ойдағыдай ұйымдастырған.
Биылғы демалыс қос мерекенің қарсаңында келіп отыр. Университет профессорлық-оқытушылары менқызметкерлері жазғы демалысын оңтайлы өткізу үшін өтіп жатқан іс-шара тамыз айының соңына дейін жалғасады,- дейді университет кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерлан Хаймулданов. Демалыс аймағына бүгін 300-ге тарта демалушылар келді. Оларды сумен, шаймен, ыстық тамақпен және балмұздақпен қамтамасыз еттік және т.б.,-дейді ол сөзінде.
Сондай-ақ, мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі музыкалық ән-күймен келушілер көңілін көтерді. Осы сауықтыру демалыс аймағының меңгерушісі Рустам Турсынбаев келушілерге алғысын білдірді. Ия, жағажайдағы шаттық. Халқымыздың игілігіне айналған емдік қасиеті мол Балқаш көлімен қимай қоштастық. Шара маусымы аяқталғанша университет қызметкерлері жолдамамен «Құлагер» спорттық-сауықтыру демалыс аймағында көңіл сергітеді.
І. Жансүгіров атындағы Жетісумемлекеттік университетінің
кәсіподақ комитетінің төрағасы Хаймулданов Е.С.
-
Фото
-