Көп балалы аналардың қуанышы
Шығыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы осы салада қызмет етіп жүрген көп балалы аналарға балаларымен Алматы Қарғалы пансионатында тегін демалу мүмкіндігін сыйлады. Әр ауданнан жиналған көп балалы аналар балаларының каникул кезінде жақсы демалуына мүмкіндік жасаған кәсіподақ ұйымының қамқорына разы. Тегін ем алып, қала маңына әр түрлі бағыттар бойынша саяхатқа шыққандағы балаларының шаттыққа толы көңіл-күйлеріне қуанышты. Олар Алматының атақты Көктөбесіне шығып, зоопарктегі әртүрлі аңдар мен жануарларды, сирек кездесетін құстарды көріп тамашалады. Тарбағатай ауданы Ақсуат орта мектебінің мұғалімі, 8 баланың анасы Досалова Роза: «Бізді қашанда қолдап, көмек көрсетіп тұратын облыстық кәсіподақ ұйымына алғысымыз зор. Ауылдан балалармен алып шығып, тамаша демалыс ұйымдастырды. Әсіресе балаларымыздың қуанышы үшін өте ризамыз»-деді.
Риддер қаласының бала-бақша тәрбиешісі көп балалы ана Староверова Наталья: «Кәсіподақ балаларыма да өзіме де ұмытылмас каникул сыйлады, әсіресе бізге жетекші боған кәсіподақ ұйымының маманы Нұрсағила Смағұловнаны өзіміз де біздің балаларымыз жақсы көріп кеттік, өте разымыз»
Пансионат қызметкерлері де балалар үшін қызықты мәдени шараралар ұйымдастырды. Шараларға белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салған өнерлі балаларға мадақтама қағаздары мен кішігірім сыйлықтар беріліп, балаларына жақсы тәрбие бере білген аналарға алғыс хаттар табыс етілді.
Ауылдардан келген балалар үшін бұл демалыс қызықты да әсерге толы болары сөзсіз.
-
Фото
-