Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен Еңбек кодексінің заңдылықтары тақырыбында аудандық оқу-семинары ұйымдастырылды
Әйтеке би аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 2017 жылдың маусым айының 20-жұлдызында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен Еңбек кодексінің заңдылықтары тақырыбында аудандық оқу-семинары ұйымдастырылды.
Аудандық семинарға білім бөлімінің басшысы, білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары,барлығы 77 кәсіподақ мүшелері қатысты.
Семинарда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Р.Серікова сөз сөйлеп, бас маманы А.Алимпиев Еңбек кодексінің заңдылықтарымен, жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы Ережементаныстырды. Оның ішінде ұжымдық шартқа, жеке еңбек шарттарының заңдылықтарына, келісу комиссиясымен қаралатын мәселелерге де жеке-жеке тоқталды. Семинар барысында үздік әріптестер мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары облыстық ұйымының Құрмет грамоталарымен марпатталды.Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттандырылық жауаптар алынды.
Күннің екінші жартысында білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының бас маманы А.Алимпиев №1 орта мектебі мен «Жансая» балабақшасында еңбек заңдылықтарының орындалуына қоғамдық бақылау өткізді.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым қызметкерлері
кәсіптік одағыныңАқтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық ірлестігі
-
Фото
-