
Кәсіподақтың қамқорлығы
Қазақстандық әр баланың арманы - еліміздің жас арі бас қаласы - Астана қаласын көру. Сол армандардың орындалуына бірден-бір себепкер - Талдықорган кәсіподақ аумақтық ұйымы қоғамдық бірлестігі. Талдықорған кәсіподақ аумақтық ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 27.06.2017ж. күні Жер Жәннаты Жетісу өлкесінен (Ескелді ауд., Қаратал ауд., Көксу ауд., Алакөл ауд.,Кабанбай ауылы, Текелі қ., Саркан ауд., Кербұлақ ауд., Панфилов ауд., Ұйғыр ауд.) ауыл, қала балаларының басын косып, Астана қаласындағы "Болашақ энергия" атты ЭКСпо 2017 халықаралық көрмесін көруге мүмкіндік туғызды. Алматы облысы, Іле ауданы Мәдениет үйінің көркемонерпаздар ұжымы Алматы2 ТЕМІРЖОЛ вокзалында салтанатты шығарып салу расімін өткізді. Талдықорған кәсіподақ аумақтық ұйымының төрағасы Абдыкадыров Садық Нұрсапаұлы өз сөз кезегінде балаларға Астана қаласындағы халықаралық көрмесінің негізгі мақсатымен таныстырып, ақ тілегін айтты. Шығарып салу салтанатында АЛМАТ2 ТЕМІРЖОЛ вокзалының бас инженері, "Грузовые перевозки" АҚБ филиалы, "Алматы бөлімшесінің МК" Кожабеков Молдахмет Ниязович және бас кеңесшісі Оспанов Болат Мусахаджаевич балаларға сәт-сапар тілеп, ЭКСПО-2017 кормесінің елімізге әкелетің жаңалықтары жайлы тоқталды. Сонымен қатар Йле ауданының кұрметті азаматы Қасымбеков Кеншін ата мен Есенкулов Жүрген ата балаларға жастар - еліміздің болашағытілегімен жақсы батасын берді.
Ұйымдастырушылар: Талдықорган аумактық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі
-
Фото
-