
Семинар тиімділігі
Мектептің кәсіподақ ұйымының өмірі –өзіндік қызық пен қиындыққа толы. Кейбір мектептерде жұмыстан жөнсіз қысқарту, жұмыс уақытын жөнсіз ұлғайту, еңбек даулары кездесіп жатады. Ендеше осынау еңбек дауларының дұрыс шешімін табу барысында кәсіподақ ұйымы ерекше рөл атқарады. Кәсіподақтың мақсаты: жалпы мәселелерді шешуде кәсіподақ мүшелерінің қызметін біріктіру және үйлестіру; ұжымдық шарттар мен келісімдер әзірлеу және қабылдау, олардың орындалуын қадағалау; ересектер мен балаларды сауықтыруды ұйымдастыруға көмектесу.14-15 маусым күндері Зайсан ауданының «Байтерек» сауықтыру лагерінде облыстық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Кәсіподақ активін оқыту Мектебінің «Заманауи жағдайда бастауыш кәсіподақ ұйымының тиімді дамуы» атты көшпелі семинары болып өтті. Семинарға қатысушылар Тарбағатай аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын «Байтерек» сауықтыру лагерінде облыстық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Базилева Нұрсағила Смағұлқызы қарсы алып, тіркеп орналастырды.Таңертеңгі тамақтан кейін облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Қасенова Назгүл Базарбайқызы семинар жоспарымен таныстырды. 2 күнгі семинар жүйелі де,мазмұнды жоспарланған. Кәсіподақ жұмысындағы медиация рөлі, заманауи жағдайда Кәсіподақтың стратегиясы мен тактикасы туралы Назгүл Базарбайқызының, Бастауыш кәсіподақ ұйымының іс-қағаздары туралы Нұрсағила Смағұлқызының, Кәсіподаққа мүшелікті насихаттау және комитет жұмысын жоспарлау, жүргізу туралы Крупко Елена Александровнаның жұмыстарының пайдасы көп дәрістер болды.Топтармен жұмыс, тапсырманы қорғауда және іскерлік ойындарда әр мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары белсенділікпен қатысты. Заңгер Соколовтың ҚР Еңбек кодексі, әлеуметтік әріптестермен жұмысында семинарға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап қайтарылды. Мәдени шаралар да жақсы ұйымдастырылған. «Сарытерек» мектебінің оқушыларының концерті де жақсы өтті. Семинарға қатысушылар мазмұнды концерт үшін мектеп директоры Риза Юрийқызына алғыстарын айтты. 16 сағаттық бағдарлама бойынша оқу бітіргені үшін семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Семинарды ұйымдастырушылар облыстық кәсіподақ ұйымының аппараты мен Зайсан аудандық кәсіподақ ұйымының активі және Тарбағатай аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы С.Ахметқалиевқа алғысымыз шексіз. Көшпелі семинардағы дәрістер, практикалық жұмыстар әр бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарында өз тиімділігін көрсетері сөзсіз.
Тарбағатай ауданы «Қ.Ақынов атындағы орта мектебі»
КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы –Кадирова Алмас Асылбекқызы
-
Фото
-