Туған жер - тұғырың
Қоғамның жаңғыруы бір жақты ғана қарастыра салатын дүние емес. Ұлттық сана-сезімімізді өзгертіп, бәсекеге қабілетті болу үшін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған идеялар, бастамалар, бағдарламалар кез-келген салаға тікелей қатысты. Рухани жаңғыруды мәдениет тұрғысынан қарастырсақ, ұлттық салт-санадағы заман талабына үйлеспейтін дәстүрлерден бас тартып, прагматикалық астары бар дағдыларды санамызға сіңіруіміз қажет. Жаңа ғасырда біздің мәдениет саласындағы жаңғыртулар білім берудегі өзгерістерге алыпкелетіні белгілі. Тәуелсіздік алғансоң, жас ұрпаққа басқа дүниелер, басқа құндылықтар үйретіле бастады. Отанды сүю, азаттықтық астерлеу, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту сынды тәрбиелік мәні бар дәрістер, сынып сағаттары өткізілді. Нәтижесінде ойлау жүйеміз өзгерді, құндылықтарымыз ауысты. Ғалымдарымыздың мақалада көрсетілген бастамаларды жан-жақты зерделеп, тиісті бағдарламаның әзірленуіне атсалысатыны анық. Бірақ оларды жүзеге асыру ұстаздардың еншісінде. Балалардың білікті болмағы, бәсекеге қабілеттілігі, латын әрпін жедел меңгеруі – тікелей мұғалімдерге байланысты. Мұндай аса ауыр міндетті абыроймен орындап шығу үшін біз де өзгеруіміз керек. Біз өзіміз осы жаңашылдық табалаларға үлгі болуымыз керек. Бір сөзбен айтсақ рухани жаңғыру ісінде білім беру саласының атқарар міндеті зор болса керек.
«Туғанжер» бағдарламасы білім саласында ауқымды өлке тану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елдімекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Басқа аймаққа көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, зиялы қауым өкілдерін, мемлекеттік қызметкерлерді ұйымдастырып қолдауға шақырады. «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайда» - деген сөз бар. Осылайша туған жерге көмек жасаған жандарды қолдап құрметтеудің түрлі жолдарын табуға міндеттейді.
Біздің ауданда әр ауылдан шыққан кәсіпкер, зиялы қауым өкілдері бар. Ауылдарына, мектептеріне көмек көрсетіп жүргендер де баршылық. Мәселен Черкасск ауылынан кәсіпкер Саят Есімханов бастауыш сынып кабинетін толықтай заманауи құралдармен жабдықтап, 400000 теңгеге проектр, компьютер, интерактивті тақта және принтер алып берді. Мектепті биыл үздік бітірген 31 балаға 155000 теңгеге сыйлық жасады. Жаздық лагерьді жабдықтауға 50000 теңге бөлді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей осындай азаматтар ұлықтауға лайық.
Қойлық ауылындағы Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің ел назарындағы білікті түлектері туған жерінде бас қосуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда Төлеубек Мұқашев - сенатор, мемлекет қайраткері, отбасындағы 10 баланың тұңғышы. Аналары Мисалы мапаның атынан 15 жыл бойы мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларына сөмке, құрал-жабдықтар сыйлап, жаңа жылда бүкіл бастауыш сынып оқушыларына сыйлықтар таратады.
Бүгінгі күні 85 жастағы байырғы малшы Тоқтар Садуақасовтың 10 баласы бар. Сол кісінің Айдар бастаған ұлдары Қойлық ауылына ұлдарымыз иманды, қыздарымыз ибалы болсын деген тілекпен 2007 жылы жердегі Алланың үйі – мешіт салыпберген болатын. Бүгінгі күнге дейін оны қысқы көмір мен жабдықтауды және еден жуушы мен аула сыпырушыны өз қаражаттарына ұстапкеледі. Мектептің мақтан тұтар түлектерінің қатарында продюсер, ҚР мәдениет сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Тасболат Мерекенов, жеке кәсіпкер, ғылым докторы Балташ Рожаев, профессор, техника ғылымының кандидаты Әділхан Шоқанов, Казақстан Республикасы Қарулық күштерінің қалыптасуына өзіндік үлес қосқан әскери қызметкер Қабдел Базарбаев, Қазақстан Республикасына белгілі ақын, суретші Лидия Коваленко және басқалардың есімдері аталады.
Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде ұсынылған жобалар мен бағдарламалар қоғам алдында тұрған адами капитал санасын жаңартудағы біздің парызымыз болып табылады.
Жанат Мұқашев,БілімжәнеҒылымқызметкерлері
кәсіподағы Сарқанаудандық комитетінің төрағасы
-
Фото
-