Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттің бастауыш кәсіподақұйымы профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында Strike демалыс орталығында боулинг ойынын ұйымдастырды
2017 жылдың 13 маусым күні Кәсіподақ қызметкерлері күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттің бастауыш кәсіподақұйымы профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында Strike демалыс орталығында боулинг ойынын ұйымдастырды. Аталмыш шараның мақсаты - университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлерін ұжымшылдыққа баулып, бір ортақ мақсатқа жұмылуға және қимыл-әрекеттерге жаттықтыру. Шараны университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы кіріспе сөзбен ашып, мұндай спорттық шаралардың өткізіліп тұруы ұжымды ауызбіршілікке, белсенділікке баулитынын, жұмыстан тыс қоғамдық шараларға да белсене атсалысу қажет екендігін тілге тиек ете отырып,ойынға қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Боулинг ойындары басталмас бұрын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі университеттің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлерін білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапаттады. Марапатты университет ректоры салтанатты түрде өз қолымен табыс етті. Боулинг ойынына университеттің сандық технологиялар орталығы, жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер бөлімі, кәсіби-шығармашылық факультеті, шетел тілдер факультеті, жаратылыстану факультеті, экономика және құқық факультеті, техникалық факультет, педагогика факультеті, физика-математика факультетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Ойынды университет ректоры бастап берді. Спорттың бұл ерекше түрін көпшіліктің ұнататыны анық. Бұл күні университет ұжымы тамаша ойын көрсете білді.
Барлық қатысушылар жəне жеңімпаздар алғыс хаттармен, кубоктармен жəне ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-