
ҮЗДІКТЕРГЕ ЭКСПО БИЛЕТІ ҮЛЕСТІРІЛДІ
«ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуымен тұспа-тұс келген Кәсіподақ күнін Жамбыл облысы Жуалы ауданының кәсіподақ мүшелері салтанатты жағдайда атап өтті. Салтанатты шараға аудан мектептерінің ұстаздары, кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ мүшелері шақырылды.
Жиын басында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған бейне фильмнен үзінді көрсетілді. Содан соң айтулы датаға орай аудандық кәсіподақ ұйымының көшбасшысы Гүлнұр Қадырбек сөз алып, құттықтауын жеткізді. Мерекеге орай «Нұршуақ» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Тамара Туленова мен А.Герцен атындағы орта мектептің мұғалімі, БКҰ төрайымы Ақмарал Оразалиеваға «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттері тапсырылды. Олар да әріптестерін қос мерекемен құттықтап, жақында Астанаға көрмені тамашалауға баратындарын айтып, қуаныштарын жеткізді.
Салтанатты жиын әрі қарай кәсіподақ ұйымының белсенді жетекшілерінің марапаттауына ұласты. Сондай-ақ, қос мереке қарсаңында туылған кәсіподақ мүшелері де сый-сияпатқа ие болды. Мереке соңында барлық кәсіподақ ұйымының жетекшілеріне заттай сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты шара әрі қарай №1 мектеп-гимназия оқушыларының дайындаған ән-жырына ұласты. Жиын соңында жиналғандарға арнайы тапсырыспен дайындалған «ЭСКПО-2017» деген тәтті бәліш пен сусын таратылды.
Аризат Батырханқызы,Жуалы ауданы,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фото
-