
ЖАС МАМАН – ЖАҢА ИДЕЯ 2017
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерін жұмсауға баулу, ынталандыру мақсатында 2017 жылдың 26 мамырында Павлодар облысы Лебяжі ауданының Потанин жалпы орта білім беру мектебіндеаудандық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес«Жас маман – жаңа идея 2017»байқауы өткізілді.
Байқауережісіне сәйкес аудан мектептерінен 3-4 жас маманнан құрылған командалар сынға түсті.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
І кезең– «Мектеп және жас маман»- қатысушы өздері туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын, мектебін қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б. өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады)
ІІ кезең–«Жас маман – болашақ үміті» – мектептегі жас мамандардың жұмысын слайд-шоу, стенд, буклет, бейнерепортаж, бейнеклип, бейнесюжет түрінде әзірлеуге болады.
ІІІ кезең- «Ізденімпаз жас маман» - педагогтар өз өнерлерін қойылым түрінде көрсетеді (КВН, сахналау, флешмоб т.б.).
Үш кезеңнен тұратын байқауға Лебяжі, Жамбыл, Малыбай, Шарбақты, Ямышев орта мектептері және Қазантай негізгі мектептерінен 29 жас маман қатысты.
Байқау Потанин жалпы орта білім беретін мектебі ұймдастырған флешмобтан басталды.
Доданың қорытындысы бойынша І орынды Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі, ІІ орындыМалыбай ЖОББМ, ІІІ орындыЖамбыл ЖОББМ иеленді.
Жүлде ретінде Лебяжі аудандық білім беру бөлімінің мадақтамалары және аудандық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Шарбақты, Ямышев орта, Қазантай негізгі мектептері мадақтама және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Өткізілген байқау арқылы жас мамандар өздерінің білімдерін шыңдап, әріптестерімен тәжірибе алмасты.
«Жас маман – жаңа идея 2017» аудандық байқауын ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі үшін Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Балтабаев Бекмұрат Ракымович және биология пәнінің мұғалімі Баймолда Әйгерім Жанболтқызы білім беру бөлімінің мадақтамаларымен, аудандық кәсіподақ ұйымының ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.
Жеңімпаздарға еңбектеріне табыс, шаттық пен береке, қызықты да, қиын ұстаздық жолында шығармашылық табыс тілей отыра І орын алған Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің командасына ауыспалы кубок табыс етілді. Кубокты 2016 жылғы байқаудың жүлдегерлері Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің жас мамандар лигасының мүшесі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Талғат Гүлназ Талғатқызы табыстады.
Ұстаз – ұлы тұлға. Халқымыздың ағартушысы ұстаздарының бірі Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім еңбегінің нәтижесі оқушының білім деңгейімен өлшенеді» деген.
Бүгінгі күн талабы оқушыларға білім беру ғана емес, заман талабына сай тұлға қалыптастыру болып отыр. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінен басталады. Ертең осы елге ие болып, ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары екенін ұмытпағанымыз жөн деп санаймын.
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектерінің жемісін көре беріңіздер дей отыра, «Қазір бой жарыстыратын заман есем, ой жарыстыратын заман» Ел басымыз Н.Ә.Назарбавтың сөзінесімізден шығармайық демекпін.
Павлодар облысы Лебяжі аудандық
білім беру бөлімініңәдіскеріГүлшат Батталова