Кәсіподақтар рухани жаңғыру жолында
Елбасымыздың «Кәсіподақ әрқашан жалдамалы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ықпалды ұйым ретінде болған және болады да» деген сөзі кәсіподақтарға білдірілген зор сенім мен олардың алдына қойылған бүгінгі уақыт талабы.
Кәсіподақ қоғамымыздағы болып жатқан өзгерістерден шет қалмай ұстаздар қауымымен жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заңға сәйкес әлеуметтік әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым.
10 маусым - Қазақстан кәсіподақтары күніне орай білім және ғылым қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті «Кәсіподақтар рухани жаңғыру жолында» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырды.
Шара барысында білім саласында үздіксіз қызмет атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан бір топ бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары Қазақстандық салалық кәсіподақ комитетінің «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет Грамотасымен, облыстық «Нұр Отан» ХДП Алғыс хаттарымен, облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамоталарымен марапатталды.
Кәсіподақтар күні аясында «Кәсіподақ - тынбайды, қолдайды, шыңдайды» бейнебаян байқауы ұйымдастырылған болатын.
Байқау мақсаты: бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметін жандандыру, кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ төрағаларының жұмыс берушілермен келісімді ынтымақтастықта жұмыс жасауларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін анықтау, зерттеу және тарату, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақтардың рөлін, кәсіподақ ұйымының жұмысына қызығушылықты арттыру және мәртебесін көтеру. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша байқауға қатысушылардың жұмыстары қорытындыланып, үздіктері марапатталды.
І ші орын: Қазалы ауданының №170 мектебі, төрайымы Жүгүнісова Нұрсұлу
ІІ орын: Сырдария ауданының әуез мектебі, төрайымы Утебасова Гүлшат
ІІІ орын: Жалағаш ауданының №246 мектебі, төрайымы Ералиева Рая
«Үздік сценарий» номинациясы Қармақшы ауданы №272 орта мектебінің төрайымы Халлаева Шынзадай
«Үздік режиссерлық жұмыс» номинациясымен Қызылорда қаласы №4 мектебінің төрайымы Абдуқапова Зағира
« Үздік идея»- номинациясымен Қазалы аудандық оқушылар үйінің төрайымы Алматова Үлбосын Қуанышбайқызы
«Үздік операторлық жұмыс»- номинациясымен Арал ауданы№62 мектеп-лицейінің төрайымы Ниязбаева Райля .
Салтанатты шарада кәсіподақ көшбасшылары Кәсіподақ күніне арналған «Жастар қанатының» үгіт-насихат тобы, «Кәсіподақ ұйымы елдің қамқоршысы» Жолтаев Рахметулла Әбутәліпұлы, «Кәсіподақ- жаршысы жаңалықтың» Есназар Бағдат Мансұрұлы, «Кәсіподақтар ұранымен» Мұстафаев Ерсұлтан,«Кәсіподаққа арнау» Ниязбаева Райля өз туындыларын орындады.
Шара соңы Қазалы ауданы бастауыш кәсіподақ комитеті төрағалары мен жастар кеңесі мүшелерінің орындауында «Кәсіподақ-қуаттайды, қолдайды» атты музыкалық композициямен қорытындыланды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасарыГүлнар Ескалиева
-
Фото
-