БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДА 10 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН «КӘСІПОДАҚ КҮШІ - БІРЛІКТЕ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ ШАРАСЫ
2017 жылдың 8-ші маусым айында Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешенінің акт залында «Кәсіподақ күші – бірлікте» атты салтанатты мерекелік марапаттау шарасы өткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы еңбек адамының құқығын қорғауға, олардың әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жақсартуға, еңбек заңдылықтарының орындалуына ықпал етіп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарының бұрмаланбауы мақсатында өз жұмысын атқарып келеді.
Елбасы әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға, жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, еңбек дауларын реттеуге кәсіподақтардың қатысуына үлкен көңіл бөлу қажеттігін нақты тапсырған болатын. Сондықтан да кәсіподақ қоғамдағы тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік еңбек қатынастарын қалыптастырушы ретінде өз міндет – миссиясын адал атқаруда. Бүгінде еліміздегі кәсіподақтар арасындағы ең ірі қоғамдық ұйым – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы. Соның ішінде облыстағы ұйым облыстық білім басқармасына қарасты 35 мыңнан астам жоғары білім және ғылым қызметкерлерін біріктіріп отыр.
Салтанатты шарада алдымен еліміздің ғылым және білім саласының дамуына үлес қосқан Софья Иманғалиева, Василий Баев, Меруерт Жолдықайырова, Жәлел Камкиев сынды еңбек ардагерлеріне аталмыш ұйым атынан құттықтау сөз айтылып, сый-сияпат көрсетілді. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева құттықтау сөзінде кәсіподақтың қоғамдық ұйымдардың ішіндегі ең бұқарашыл, белсенді екенін, білім саласындағы барлық шаралардың осы ұйымның қатысуымен өткізілетініне баса айтты.
Мерекелік жиында БҚМУ-дың дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Людмила Демченкоға, дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Саулия Қанатоваға «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табыс етілді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы білім және ғылым саласындағы өзінің әлеуметтік серіктестерінің еңбегін де бағалап тұрады. Осы орайда облыстық кәсіподақтың Атқару Комитетінің мүшесі, «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры Софья Ізмұхамбетова облыстық кәсіподақ ұйымының жұмысына ризашылығын білдіріп, кәсіби мереке кәсіподақ күніне орай ұжымының атынан Марат Даупаевқа құттықтау хат табыс етіп, облыстық кәсіподақ ұйымының атынан бірқатар білім беру саласының мекеме басшыларын марапаттады. Олар: Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің басшысы Абзал Сапаров, Жаңақала колледжінің басшысы Серік Жәрдемалиев, Қаратөбе колледжінің басшысы Мәулен Салахаден, Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат кешенінің басшысы Арыстанбек Ғұбаш, қалалық жалпы білім беретін мектеп басшылары Нұрлы Даулетқалиева, Ақжарқын Темірханова, Сансызбай Кенжеков, Талғат Давлетовтар.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Қазақстандағы салалық кәсіподақ қозғалысының дамуы мен нығаюына және кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына елеулі үлес қосқан бір топ кәсіподақ белсенділерімен қатар облыстық кәсіподақ аппаратының бас маманы – заңгер Гүлжанат Құрманғазиеваны құрмет грамотасымен марапаттап, қалалық № 14 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Талғат Давлетовты мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтап адресат табыс етті.
«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, еліміздің білімі мен ғылым, мәдениет, экономика саласының да кемелденуі осынау келешек жастардың қолында екені даусыз. Аталмыш шарада белсенді жастар комитетінің төрағалары Нурбол Хамзин (Казталов ауданы, Тереңкөл жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі), Назира Дендерова (Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, М.Әуезов атындағы № 2 ОЖББМ-нің биология пәнінің мұғалімі), Нұргүл Ихсанова (Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Жарқын Тайшыбаев (қалалық № 14 жалпы білім беретін орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі), Дастан Зейнуллин (Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары), Галина Штыркина (Зеленов аудандық білім бөлімінің әдіскері), Самат Ахановтар (Орал политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, «Жастар» комитетінің жетекшісі, БҚО «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Келешек» Жастар кеңесінің мүшесі) облыстық кәсіподақ тарапынан құрмет грамоталармен және заттай сыйлықтармен марапатталды.
Жалынды жастарымыздың облыс мәртебесін асқақтатып, оларды шығармашылық белестерге ынталандыру мақсатында республикалық шараларға қатысуларына қолдау білдірген Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Марат Даупаевқа, Теректі аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлдай Сәрсеноваға, Ақжайық аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Максим Умбеталиевке, Казталов аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Күнсұлу Шакенаеваға, Бөрлі аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәуле Жандалиеваларға алғыс айтылды.
Марапаттау рәсімінің барысында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері өз өнерлерін көрсетіп, тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленді.
Батыс Қазақстан облыстықбілім
және ғылым қызметкерлерініңкәсіподақ ұйымы
-
Фото
-