Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді
1 маусым күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 1-ші маусым«Балаларды қорғау күніне» арналған білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамының және қызметкерлердің балаларына мерекелік іс-шара өткізілді. ЖМУ стадионында өткен мереке 1 маусымбалалар күніне арналды. Оған 270-ке тарта университет оқытушы-профессорлары мен қызметкер балалары мен ата-аналары қатысты. Ұжым мүшелерін университет инновациялық жұмыстар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы мен физика-математика факультетінің деканы АндасбаевЕрлан Сүлейменұлы құттықтап, көтеріңкі көңіл күй тіледі.
Шара барысында мерекелік концерт қойылып, арқан тартыс, футбол, асфальтта сурет салужәне т.б. ойындары ұйымдастырылды. Балалар топтарға бөлініп өзара жарысып күш сынасты.
Ойнап болған соң балаларға әртүрлі ойыншықтар мен тәттілер берілді. Тәттілерге тойған балардың өздері де ата-аналары да разы болып қайтты.
І.Жансүгіров атындағы ЖМУкәсіподақ ұйымының төрағасы Е.С.Хаймулданов
-
Фото
-