
Көңілді мерекелік шара
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіподақ ұйымы 1 маусым күні Студенттер сарайының фойесінде университет қызметкерлерінің бүлдірішіндеріне арнап көңілді мерекелік шара ұйымдастырды. Көңілді шараға 150 жуық бүлдіршіндер қатысты. Балаларға ертегі кейіпкерлері арнайы ойындар ойнатып, би билетіп, химшоу бағдарламасын қызыға тамашалады. Мерекелік шараның соңында бүлдіршіндердің сүйікті асы балмұздақ таратылып, балалар тағыда бір қуанышқа бөленді. Шараның мақсаты балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу болды.
-
Фото
-