Мамыр айындағы жарқын жүздесу
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Атқару комитетінің кезекті отырысы үш жүздің басын қосқан қасиетті Ұлытау ауданында өтті.
Халқымыздың тарихи астанасы саналатын Ұлытау жерінің қадыр-қасиетін, ұлт үшін мән-маңызын айтып жеткізу тіптен де мүмкін емес сияқты. Ұлытау десек, ұлтымыздың өткенін, тарихын көз алдымызға келтіреміз. Қазақ деген халықтың қашан да, қай уақытта болса да бас қосып, бірлік пен бәтуаға келіп, кеңесіп келелі мәселелер шешетін тұғырлы да, тұрақты орыны осы – Ұлытауболған деседі. Аспан кеңістігіне тіке жол да осы Ұлытау өңірінен – Байқоңырдан бастау алғаны анық.
Жерінің асты қазына, үсті ырысты құт қонған мекеннің бүгіні мен ертеңі жайлы кеңінен келістіріп айтуға болады. Бұл ретте ауданның өз тумасы, республикаға танымал айтыскер ақын, «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері», Ұлытауауданының әкімі Әнуар Серікбайұлы Омаров мырзаның да айтары мол екеніне көз жеткіздік. Туған жерінің өсіп-өркендеп, гүлденуіне ынта-ықыласымен жан аямай кірісіп, өлшеусіз тер төгіп жүрген азаматтың аудан басшысы ретінде алға қойған биік мақсат-мұратына қол жеткізу жолында жүргізіп жатқан жұмыстары кім-кімге де үлгі-өнеге болғандай. Жұмысымыздың басында Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Конурбаев М.С. аудан әкімі Омаров Ә.С. Ұлытау ауданында әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек екенін айта келе, жазғы демалыс кезінде кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының сауықтыру мәселесі тілге тиек етілді.
Ұлытау аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Абдраимов мырза әлеуметтік әріптес ретінде Атқару комитетінің отырысына қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша Ұлытау аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жылқыбаев С.А. аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымындағы 2016 жылдың қараша айында болған тексеру жұмыстары барысындағы берілген нұсқаулардың орындалуы жайлы айта келе, ауданда кадрдың тапшы екенін, бір мұғалім 2-3 пәннен беріп жүргенін айтты.
Жезқазған қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнедилова Л.А. Атқару комитеті қаулыларының орындалу барысы туралы, ал Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Конурбаев М.С. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегіжұмысы туралы ақпарат жасады. Атқару комитетінің соңында Қаражал қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Заика Вера Яковлевна «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айырықша сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал түстен кейін Балқаш, Қаражал,Сәтбаев, Жезқазған қалалары, Ақтоғай, Ағадыр, Шет, Жаңаарқа, Ұлытау аудандары білім қызметкерлерінің арасында волейбол, арқан тартыс, баскетболдан спорттық жарыстар өтті.
Бас маман Қожабаева Р.Қ.
-
Фото
-