«Үздік тәрбиеші-2017»
Астана қаласы бойынша мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер арасында «Үздік тәрбиеші-2017» байқауы Астана қаласы әкімі Ә.Ө. Исекешевтің қаржылай қолдауымен Білім басқармасы басшының м.а. А.Қ.Жангозиннің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 350 бұйрығы негізінде Ережеге сай 24-30 мамыр аралығында өткізілді. Байқау Ережесіне сай қатысушылар Астана қаласы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері болып табылады. Сайысқа қатысушылардың Ереже талаптары бойынша еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл, Астана қаласы білім беру ұйымдарында кем дегенде 3 жыл еңбек еткен тәрбиешілер қатыса алатындығы көрсетілген.
Ереже бойынша қалалық және республикалық «Үздік тәрбиеші» байқауының жеңімпазы соңғы 5 жыл көлемінде байқауға қатыса алмайды. Қалалық байқау қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
Байқауды ұйымдастыруға бағытталған ұйымдастыру комитеті және өткізілудің әділдігіне сараптама жүргізетін әділқазы алқасы құрылды.
Ұйымдастырушы комитет және әділқаызлар алқасы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары, Білім басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы, педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру «Өрлеу» институтының директоры, білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет кәсіподағы», Астана қаласы білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы мамандарынан құрылды.
2017 жылдың 24 - 30 мамыр аралығында «Үздік тәрбиеші - 2017» қалалық байқауы Ережеге сай өткізілді. Қалалық байқау ереже талаптарына сай 3 кезеңнен тұрды.
I кезең 24 - 26 мамыр аралығында балабақшада өткізілді. Әр балабақшадан 1 қатысушы тіркеліп, ереже талаптарына сай қалалық Білім басқармасының мектепке дейінгі бөліміне, байқаудың II кезеңіне қатысуға өтініш білдіріп, тәрбиешілердің портфолиосы әділқазы мүшелерінің қарауына ұсынылды.
II кезеңге қатысуға 19 балабақшадан сұраныс келіп түсіп, 19 үміткерлер тіркеліп, байқаудың II кезеңіне жіберілді.
Қалалық байқаудың II кезеңі 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлімі - тәрбиешінің портфолиосы, 2 бөлімі – «Шеберлік сабағы» тәрбиеші сабағын көрсету.
2017 жылдың 26 мамырында әділқазылар алқасы II кезеңнің нәтижесін Сабыр Рақымов көшесі, 33 үй мекен-жайында орналасқан №26 «Үміт» балабақшада анықталды.
Яғни II кезеңнің нәтижесі бойынша 19 үміткерден, 11 үміткер байқаудың II кезеңінің 2 бөліміне жіберілді.
Байқаудың екінші кезеңінің 2 бөлімі және үшінші кезең, байқаудың жабылу салтанаты, марапаттау рәсімі Ережеге сәйкес Астана қаласы, Алматы көшесі 6 үй, №54 «Нұрай» балабақшасында өткізілді.
Екінші кезеңнің 2 бөлімі қортындысы бойынша қатысқан 11 тәрбиешінің барлығы жақсы көрсеткіштермен байқаудың 3 кезеңіне жіберілді:
- Мукатова Назгуль Жагыпаровна. (№32 «Балдәурен»)
- Құдайбергенова Гулнур Нурлыбековна (№45 «Самұрық»)
- Каримова Айжан Куанышбековна (№38 «Шаттық»)
- Худайбергенова Бакытгуль Еренгаипқызы. (№79 «Шабыт»)
- Байниязова Гулмира Қалелқызы (№76 «Әдемі»)
- Ахметжанова Айзат Абдуахитовна (№22 «Әлем»)
- Садуақас Жадра Қуанышбайқызы (№29 «Аққайың»)
- Мукажанова Гульмира Кенесовна (№7 «Аққу»)
- Карибаева Сауле Бахытжановна (№1 «Бәйтерек»)
- Қамбарова Алия Уалиханқызы (№71 «Мөлдір»)
- Ахметова Гульдана Галиоллаевна (№56 «Береке»)
Жоғарыда көрсетілген сайысқа қатысушылар шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби тұрғыда өз біліктіліктерін және шығармашылық потенциалын аша алатын, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған педегогтар екенін көрсете білді.
Байқаудың 3 кезеңі өзін-өзі таныстыру «Менің педагогикалық ұстанымым». Өткізілу регламенті – 7 минут болды.
3 кезеңінің нәтижесі бойынша қатысқан сайыскерлер арасынан «Үздік тәрбиеші - 2017» қалалық байқауы «Бас жүлде иегері», жүлдегерлеріді (1,2,3) орын және «Шағармашыл-өнертапқыр», «Жас кәсіби маман», «Педагогикалық кәсібіне адалдығы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықталды.
«Бас жүлде иегері» Мукатова Назгуль Жагыпаровна (№ 32 «Балдәурен») – 696000 тенге;
I орын иегері Қамбарова Алия Уалиханқызы (№ 71 «Мөлдір») – 510000 тенге;
II орын иегері Байниязова Гулмира Қалелқызы (№ 76 «Әдемі») –340000 тенге;
III орын иегері Мукажанова Гульмира Кенесовна (№7 «Аққу») –226000 тенге;
«Шағармашыл-өнертапқыр» номинациясы иегері Каримова АйжанКуанышбековна (№38 «Шаттық») – 100 000 тенге;
«Педагогикалық кәсібіне адалдығы» номинациясы иегеріАхметжанова Айзат Абдуахитовна (№22 «Әлем») – 100000 тенге;
«Жас кәсіби маман» номинациясы иегері Құдайбергенова ГулнурНурлыбековна (№45 «Самұрық») – 100000 тенге.
Байқаудың қорытындысы бойынша ақпарат Білім басқармасының сайтында жарық көреді.
«Үздік тәрбиеші-2017» байқауының жеңімпазы Н.Ж. Мукатова Республикалық байқауға жіберіледі
Ақпаратты дайындаған Астана қаласы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бас маманы Алеуханова Лаура Мошкаловна
-
Фото
-