
«Мұғалім - 2017» дәстүрлі спорттық дода
2017 жылдың 26 – 27 мамыр күндері Ақмола облысы Бурабай аудыны Қатаркөл көлінің жағалауында орналасқан «Самұрық» балалар сауықтыру орталығының базасында, аудандық білім бөлімімен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесі бірігіп дәстүрлі ХХ-шы «Мұғалім-2017» спартакиадасын өткізді. Спартакиада финалына жеті аймақтағы өзара кездесулерден жеңімпаз командалар күш сынасуға жиналды.
Кезекті XХ спартакиадаға, ауданның 36 білім беру мекемесінен 300 ден астам қызметкерлер қатысып спорттың келесі түрлерінен сайысты: волейбол, шахмат, тоғыз құмалақ, пневматикалық мылтықпен ату, үстел үсті теннисі, «Қалашық» ойыны және дартс.
Жалпы командалық І-орынды 284,5 ұпаймен Досов атындағы орта мектептің командасы жеңіп алса, 269,5 ұпаймен №9 мектеп-гимназиясы екінші орынға ие болды, ал үшінші орынды 269 ұпаймен Успеноюрьевка орта мектебінің командасы өз қанжығасына байлады.
«Үлгілі экипировка» номинациясымен «Арман» МТОТО және «Жеңіске ұмтылысы үшін» номинациясымен Щучинск қаласының №7 мектеб командалары марапатталды.Спартакиада жеңімпаздары құнды сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бурабай кәсіподақ ұйымының төрағасы А. Абдрахманов
-
Фото
-