
«Білім ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері» атты көшпелі семинар өткізіп келді
Шығыс Қазақстан облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Катонқарағай ауданының кәсіподақ мүшелері мен әлеуметтік әріптестерге арналған «Білім ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері» атты көшпелі семинар өткізіп келді.
Тақырыпқа байланысты семинарға қатысушылардың сұрақтары көп болды. Әсіресе, еңбек шартын бекітерде талап етілетін құжаттардың тізімі, еңбек шартына өзгерістер енгізу, кәсіподақ бюджеті қандай жағдайларға жұмсалатындығы, жүктілік пен бала күтіміне арналған демалыстың айырмашылығы, оған төлемақы қалай жүретіндігі туралы, уақытша жоқ мұғалімнің орнына жұмыс істейтін мұғалімге қалай еңбек ақы төленетіндігі сияқты сұрақтар болды. Көптеген даулы мәселелер сол жерде жан-жақты қарастырылып, шешу жолдары көрсетілді.
Осыған қарап, облыс орталығынан алыс аудандарда әлі де еңбек қатынасына байланысты құқық мәселелері жөніндегі сауаттылық қажетті деңгейде емес екендігін байқауға болады. Кездесуге келген қауымның жиналған сұрақтарының барлығына тыңғылықты жауап берілді. Семинарға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алғандарына разы болып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Семинар аяқталғаннан кейін жиналған қауымның жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Келген әрбір жергілікті тұрғынға жеке кеңес берілді.
-
Фото
-